12.09.2025
Жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтілетін Отбасы күніне орай Арқалық қаласы білім бөлімінің қосымша білім беру орталығымен бірлесіп «Отбасы - ұлт тірегі» атты қонақжай ұйымдастырылды.
Аталған іс - шара өз ұлтының рухани құндылықтарын терең игеріп, салт - дәстүрін берік ұстанған Кәдірхановтар отбасы мен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Кеш барысында отбасының өнегелі үлгісін көрсетіп келе жатқан кеш қонақтары отбасы және бала тәрбиесі туралы тағылымды ойларымен бөлісіп, келешек жас ұрпаққа ақыл - кеңестерін берді.
Әке, ана тақырыбында қалам тербеген ақындардың өлең - жырлары оқылып, әуезді әндер шырқалған кеште кітапхана басшысы С.Ахметқызы, Арқалық қаласы білім бөлімінің әдіскері Н.Сәлімжанқызы, Арқалық қаласы білім бөлімінің қосымша білім беру орталығы басшысының міндетін атқарушы Л.Әбдіғалиқызы сөз алып, мемлекеттің іргетасының бекем болуына отбасының тигізер маңызына тоқталды. Мерекелік кеш отбасылық қарым - қатынасты нығайтуға бағытталған Қосымша білім беру орталығының «Жанұя» клубының жетекшісі З.Б.Деменисова ұйымдастырған тренингпен қорытындыланды.