«Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар.
Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер,
Қазақстан сол деңгейде болады»
Н.Назарбаев
Жастар – еліміздің ертеңі, келешегіміздің негізі. Білімді де белсенді жастар – Мәңгілік елдің болашағы. Отанымыздың болашағын баянды етіп, аға буын салып кеткен сара жолды жалғастыратын – жігерлі жастар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда «Қазақстандықтардың өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халқына арнаған Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынған болатын. Осыған орай, 2019 жылы 13-ақпанда облыстық №2 ғылыми әмбебеп кітапханасында оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен «Жасампаз елдің жастары» атты дивертисмент кеші өткізілді. Мақсаты, Елбасымыздың халыққа Жолдауымен таныстыру. Жастар жылына байланысты құрылған «Жастар – ұлттың басты капиталы» атты тұрақты көрмеге шолу жасау. Оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани байлығын дамытуға, жастарды патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Кеш 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Жастар – ұлттың басты капиталы» атты тұрақты көрменің тұсау кесер рәсіміне арналса, екінші бөлімі Арқалық қаласының 2018 жылы «Алтын кітапқа» енген жастарына арналды.
Кешімізге қаламыздың құрметті азаматы, қолөнер шебері, өлкетанушы, Байдилдин Шөптібай, Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Исмайлова Көркем Хамитбекқызы, Жастар ресурстық орталығының директоры Ахметжанов Амангелді Серікұлы және Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің педагогика, психология пәндерінің оқытушысы Шәкіров Бауыржан Асқарұлы қонақ ретінде шақырылды.
Көрменің тұсау кесер рәсімін Байділдин Шөптібай ағамыз бен 2018 жылы қалалық «Алтын кітапқа» есімі кірген Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Жұмабекова Гүлім Ғалымжанқызы орындады. Сонымен қатар, қаламыздың «Алтын кітапқа» енген жастары таныстырылып, жастарға өз жүрекжарды тілектерін білдірді.
Кешімізді Қапан Олжас, Қощанов Абай, Жұмабекова Гүлім және Дихан Бақнұр әсем әндерімен әрлеп, қонақтардың көңілдерін бір серпілтті.
Жастар жылына арналған жасампаз жастарға жігер сыйлаған жақсы кеш болды.