"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Дамудың даңғыл жолын салған - Ата заң»

29.08.2025

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің №2 Студенттер үйінде, І курс студенттерінің қатысуымен «Дамудың даңғыл жолын салған - Ата заң» атты дөңгелек үстел өтті.

Оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған шара барысында егемендігімізді айшықтайтын басты құжаттың мәні мен маңызы, қоғам дамуындағы орны мен рөлі жайлы мәселелер кеңінен талқыланып, жастар өз ой - пікірлерін ортаға салды және конституцияның әрбір азамат үшін айрықша құндылық екендігін атап өтті.

Іс - шара аясында студенттердің құқықтық ой - өрісін кеңейту мақсатында «Мен заң шығарушымын» атты танымдық ойыны өткізіліп, әділеттілік қағидаттарын айқындайтын негізгі құжат жайлы әдебиеттерден құралған жылдық кітап көрмесі таныстырылды.