"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Алдымда ақын Абай - Темірқазық»

27.08.2025

Ұлы ойшыл, дана ақын, халқымыздың рухани шамшырағы - Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Алдымда ақын Абай - Темірқазық» атты әдеби кеш Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің «Арқалық қалалық қазынашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Тағылымы терең бұл іс - шара аталған мекеме басшысы Толғанай Балтабайқызының құттықтау сөзімен ашылып, Абай мұрасының маңыздылығы мен оның бүгінгі қоғамдағы рухани мәні айшықтала түсті.

Кеш барысында «Абай мұрасы - халық игілігі атты мазмұнды кітап көрмесі таныстырылып, кітапхана оқырмандары ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, көркем сөз арқылы Абай әлемімен танысты.