"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ғасырдың дара»

10.08.2025

Бүгін ұлы ақын, данышпан ойшыл, реформаторы - Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, Абай аллеясында ерекше тағылымды іс - шара өтті.

Іс - шара ұлы ақынның рухына тағзым етуден басталып, оның шығармашылық мұрасын дәріптеуге арналды. Қала тұрғындарына «Ғасырдың дара» атты кітап көрмесі ұсынылып, Абайдың өшпес өлеңдері мен даналық сөздері оқылды.

Қатысушылар Абай әлеміне саяхат жасап, оның мәңгілік мұрасынан рухани қуат алды.