«Бір ел – бір кітап 2019 » республикалық акциясы бойынша жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлендерін оқу таңдап алынды.
Осыған орай қаламыздың ОҒӘК оқу залында акцияға байланысты іс-шаралар басталып кетті. «Бір ел – бір кітап 2019 » атты буклеттер шығарылып, оқырмандарымызға таратылды.
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/437-17-01-2019-zh-rmetti-o-yrman.html#sigProId9d36f1ae36