18.07.2025 ж.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 кітап» жобасы – еліміздегі оқырмандық мәдениетті дамытуға бағытталған аса маңызды рухани бастама. Бұл жоба – ұлттық әдеби мұрамызды жаңғыртып, өскелең ұрпақтың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырудың жарқын үлгісі. Осы орайда Арқалық қаласындағы №2 ОӘҒК қызметкері Гүлзат Арманқызы қазақ әдебиетінің шоқтығы биік туындыларының бірі – Дулат Исабековтің «Гаухар тас» повесін оқуға ұсынады.
Бұл шығарма – адам жанының терең иірімдерін, адалдық пен нәзік сезімнің табиғатын шебер бейнелейтін көркем туынды. Повесть негізінде түсірілген көркем фильмде басты рөлдердің бірін жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаев сомдап, ұлттық өнерімізге өзіндік өрнек қалдырған.
Кітап – ұлттың жаны. Ал «Гаухар тас» – сол жанның сырлы үні. Оқып, өзіңе рухани азық ал!