17.07.2025
Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында жас ақын Еркінғазы Айтбаевтың төл туындысы — «Жанымның жинағы» атты жыр кітабының тұсаукесері өтті.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», – деп ұлы Абай атамыз айтқандай, бала күнінен жыр әлеміне ынтық Еркінғазының бұл жинағы – оның жүрек үні мен шығармашылық арманын жүзеге асырған алғашқы қадамдарының бірі.
Кітаптың көркемдік сапасы жоғары, ерекше дизайнымен және заманауи QR-код технологиясымен ерекшеленеді — оқырмандар енді ақынның өлеңдерін тыңдап та тамашалай алады.
Кеш иесі бұл керемет жобаның жүзеге асуына мұрындық болған әріптесіміз Гүлзат Арманқызына алғысын білдірді.
Әдеби шараға жас ақынның ұстаздары, оқырмандары, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Арқалық қалалық филиалының төрағасы Сабыржан Тасмағанбет және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Бұл шара — Тобыл-Торғай өңірінің рухани өмірін байытып, жас таланттарға қанат бітіретін тағылымды кездесуге айналды.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/4358-zhanymny-zhina-y.html#sigProIda56cde22b5