17.07.2025
Қазақ прозасының көрнекті өкілі, жазушы - драматург Дулат Исабековтің адам тағдыры мен қоғам болмысын терең суреттейтін «Сүйекші» атты туындысы – бүгінгі әдебиетіміздің шоқтығы биік шығармаларының бірі. Осынау өмір шындығына толы, философиялық астары терең, оқырманды ойға батыратын әсерлі шығарманы Қазақстан әдебиетіндегі таңдаулы 100 кітап қатарынан көруді Арқалық қаласындағы №2 әмбебап ғылыми кітапханасының тұрақты оқырманы Елубай Думан ұсынады.