"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Бір айда - 1 кітап»

14.07.2025

«Бір айда - 1 кітап» акциясы аясында жазушы Сәуле Досжанның «Үзілмеген үміт» кітабын Арқалық қаласындағы № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының тұрақты оқырманы Мерейжан Мейрамқызы ұсынады.

Бұл кітап кеңестік заманның саяси және экологиялық қасіретіне арналып жазылған, «Қасірет пен тағдыр» романының екінші кітабы болып табылады. Шынайы тарихи деректерге негізделіп жазылған бұл шығарма шым-шытырық оқиғаларымен кез келген оқырманды өзіне баурап алары сөзсіз.