"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Бір ғана ғұмыр»

09.07.2025

«Бір айда - 1 кітап» акциясы аясында Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Бір ғана ғұмыр» атты кітабын Арқалық қаласындағы № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Ербосын Қарақас Ерханқызы ұсынады.

Бұл кітапқа енгізілген жазушының таңдаулы әңгімелерінде уақыт таңбасы мен заман шындығы, сол кезеңдегі қоғамдық өмірдің жалынды көрінісін айқын баяндайды. Әр әңгімені оқыған сайын жазушының тілдік шеберлігіне тәнті болудан жалықпайсың. Бұл кітап қоғам мен адамның тағдыры арасындағы байланысты терең ашуымен бағалы.