"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Мәдениет - әлемнің тірегі»

08.07.2025

«Бір айда - бір кітап» акциясы аясында белгілі сыншы, мәдени сарапшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанованың «Мәдениет - әлемнің тірегі» атты кітабын Арқалық қаласындағы №2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Сейлханова Гүлжаухар Диханқызы ұсынды.

Бұл кітап - мәдениеттің қоғамдағы рөлін, оның эволюциясын және сыншы ретінде өзі өмір сүрген дәуір туралы терең аналитикалық зерттеуді ұсынады. Қоғамымыздың рухани даму барысын пайымдауға мүмкіндік беретін бұл құнарлы жинақ мәдениеттанушыларға, сыншыл ғалымдар мен өнер қайраткерлеріне, көпшілік оқырманға арналады.

Кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітапты бірлесе оқиық оқырман!