"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Мылтықсыз майдан»

08.07.2025

«Бір айда - бір кітап» акциясы аясында «Қазақ балуандары», «Қазақ боксшылары» тарихи-деректі жинақтарының құрастырушысы Қыдырбек Рысбектің «Мылтықсыз майдан» атты кітабын Арқалық қаласындағы №2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Сейлханова Гүлжаухар Диханқызы ұсынды.

Кітапта қалың жанкүйердің мақтанышына айналған спортшылар, ұлттық намыс пен абырой үшін күрескен чемпиондар туралы әсерлі хикаяттар бар. Сонымен қатар, олардың бапкерлері мен өмір жолындағы елеулі сәттер суреттеледі.

Құрметті оқырман! Сіздерді кітапхана қорына жаңадан келіп түскен туындымен жақынырақ танысуға шақырамын!