08.07.2025
«Бір айда - бір кітап» акциясы аясында қарымды қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Салғарин Қойшығара Салғараұлының «Адамзат өткен ұзақ жол» кітабын Арқалық қаласындағы №2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Гүлзат Әмірхан Арманқызы ұсынды.
Кітапта қазірде «түркітектес», «түркітілдес» деп танылып жүрген халықтардың арғы ата-бабаларының тарихына қатысты әлем халықтарының мифологиясындағы тарихи деректер мен көне жазба мұралары туралы мағлұматтар берілген.
Кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітапты бірлесе оқиық оқырман!