"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ақпарат дәуіріндегі кітапханалардың озық тәжірибелері»

02.07.2025

2025 жылғы 2 шілдеде «Арқалық қаласындағы №2 ОӘҒК» КММ - нің ұйымдастыруымен «Ақпарат дәуіріндегі кітапханалардың озық тәжірибелері» атты кәсіби вебинар өтті. Онлайн шараға еліміздің түрлі өңірлерінен кітапхана мамандары қатысып, заманауи кітапханалардың даму бағыттары, цифрлық ресурстарды қолдану, инновациялық жобалар және оқырмандармен жаңа форматтағы жұмыс тәсілдері бойынша құнды тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасының басшысы С.С.Безаубекованың құттықтау сөзімен ашылды. Спикерлер қатарында: О.Д. Қайсина - Абай облыстық әмбебап кітапханасы, М.Т.Сүлейменова - А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы, А.Қ.Махметова - Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы , А.С.Қайыркен және Г.А. Әмірхан - Қостанай және Арқалық ОӘҒК мамандары. Вебинар кәсіби тәжірибе алмасуға, тың идеялар мен серіктестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.