"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Спид – жайлы біле жүрейік»

30.11.2018.

 

1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД -ке қарсы күрес күні.

       

№2 Облыстық ғылыми әмбебеп кітапханасының оқу залы бөлімінде 1- желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күніне байланысты АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, жастарға дерттің қауіптілігін түсіндіру мақсатында іс – шаралар жүргізілді. Қосымша білім беру мекемесіне  "Спид – болашаққа балта" маманмен кездесу кеші болып, және сақтандыру көрмесі қойылды. Жастарды зиянды әдеттерден барынша аулақ болуға шақыру мақсатында видео роликтер көрсетілді. Бұл іс – шара Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында,  оқырман қауымға шолу жасаумен  жалғасын тапты. Көрмеге АИТВ инфекциясының шығу тарихы, таралу жолдары, алғашқы белгілері, жұғу жолдары туралы кітап журналдар қойылды.

      

Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты. Денсаулықтың кепілі - ауырып, ем қабылдаудан бұрын, алдын -ала сақтану.  Бұл күн   жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы. СПИД -жұқпалы ауру. Оның басты обьектісі - адамның иммундық жүйесі. Аурудың иммунитет жетіспеушілік синдромы аталуы да осыған байланысты.  Сондықтан, бұл жайында айтып қоймай, мемлекеттік деңгейде де, әрбір адамның өзі де мықтап ойлану керек. Әр адамның өз денсаулығы өз қолында екендігін ұмытпаса екен дейміз.

.