"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Жарқын бейне»

11.06.2025

Қазақ әдебиетінің алыбы Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай Арқалық политехникалық колледжінің студенттерімен «Жарқын бейне» тақырыбында портреттік кеш өткізілді.

Кеш барысында қаламгердің өмір жолы мен өнегелі де өміршең шығармашылығы насихатталды. Жазушының қаламынан шыққан әрбір туындыда ерекше құдіретті күш, терең рухани мағына жатыр. Халықтың ортасынан шығып, елдің ықыласы мен құрметіне бөленген тұлғаның шығармалары келер ұрпаққа рухани азық болып, әдебиетіміздің тарихында мәңгі сақталары сөзсіз.