"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл

27.05.2025

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Абайдың шығармашылығы - тек бір ұлттың ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ рухани қазына. Оның поэзиясы, қара сөздері мен философиялық ой - толғамдары ұрпақты білімге, адамгершілікке, әділдік пен еңбекке үндейді. Сол себепті, Абайдың 180 жылдығы - тек тарихи дата емес, елдік сананы жаңғыртатын, рухани болмысты бекемдейтін тағылымды мереке болмақ. Ұлы ойшылдың мол мұрасын ұлықтауға, ұлттық әдебиет пен ой - сананың биік үлгісін насихаттауға бағытталған челленджді Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы қабыл алды.