"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Телевидение – өткен мен бүгіннің көпірі» 27.11.2018.

XXI ғасырдың ең қуатты ақпараттық құралы – теледидар. Дәл осы теледидар күні әлем бойынша 21 қарашада аталып өтеді. Бұл күн 1996 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен қабалданған.

        

Өнер бөлімінде Дүниежүзілік теледидар күні аясында және өзіміздің жергілікті «Арқа дидары» телеарнасының 25 жылдығына орай «Телевидение – өткен мен бүгіннің көпірі» тақырыбында кітапханалық журфикс өтті.

        

Мерекелік жүздесуіміздің құрметті қонағы қалалық «Арқа дидары» арнасының басшысы, білікті журналист – Бекентай Айткүл Ескендірқызы болды. Іс-шарамызды қонақтарға арналған ән шашумен бастадық. Жалпы телевидениенің, оның ішінде қазақ телевизиясының тарихы туралы ақпарат айтылды.

        

Сонан соң,Торғай теледидарының тарихына саяхат жасалып, негізін қалаған азаматтардың есімдері аталды.

        

Әрі қарай, кездесуіміз сұхбат түрінде өз жалғасын тапты. Қонаққа  бірнеше сұрақтар қойылып, толық та мазмұнды жауаптар алынды. Мейманымыздың балық шақ, студенттік кезең, алғашқы еңбек жолынан хабардар болдық.  Айткүл Ескендірқызы зор сүйіспеншілікпен өз мамандығы, ұжымы, шәкірттері мен ұстаздары туралы әңгімелеп берді. «Арқа дидарының» бүгінгі тыныс-тіршілігі, өзекті мәселелері мен идеологиялық бағдарламалары сөз болды. Жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарлары да назардан тыс қалған жоқ.

        

Әр саланың өзіндік қиындығы бар. Соның ішінде журналист мамандығының жауапкершілігі мен білімділігі өте маңызды. Ол қоғамдық пікірді қалыптастырушы тұлға. 25 жыл телевидение саласында үздіксіз жұмыс істеп, оның 12 жылы басшылық

.