15.05.2025
Міржақып Дулатұлының 140 жыл толуына орай, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ өткізген, «Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени - ағартушылық құндылықтары» атты ғылыми - практикалық конференция аясында, №2 ОӘҒК - ның ұйымдастыруымен, ұлттық сананы ояту жолында жанын пида еткен қазақтың асыл арысына арналған «Қазақ рухын оятқан тұлға» атты жылжымалы кітап көрмесі конференцияға қатысушылардың назарына ұсынылды.
Алаш қайраткерінің еңбектерін зерделеп - зерттеу, оның қазақ әдебиеті мен баспасөзінің дамуына қосқан үлесін оқырмандарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеде қаламгердің қазақ баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен өмір жолы туралы тереңнен сыр шертетін әдебиеттер қойылды.