13.05.2025
№2 ОӘҒК - ның ұйымдастыруымен, «Аналар күні» мерекесіне орай, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі студенттерінің қатысуымен «Жұмақтың иісі бар жаулығында» атты ой - толғау сағаты өтті.
Мерекелік кештің қонақтары - өмірінің мәні мен мақсатына айналған балаларының бақыты үшін тер төгіп, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан «Алтын алқа» иегерлері, Арқалық қаласындағы «Әжелер» кеңесінің төрайымы С.Қ.Жанақбаева мен А.К.Есілбаева аналарымыздың жүрекжарды әңгімелері әрбір тыңдаушының жүрегінде із қалдырды. Кеш барысында қос анамыз жас ұрпаққа бала тәрбиесі туралы ақыл - кеңестерімен бөлісіп, көпбалалы отбасы болудың қызықтары мен қиындықтары жайлы баяндап берді. Ана тақырыбында қалам тербеген ақындардың өлең - жырлары оқылып, әуезді әндер шырқалған кеште «Аналар» кеңесінің мүшесі Нұрғалиева Күләйхан қажы анамыз сөз алып, абзал аналарымыздың қоғамдағы орны мен рөлі жайлы мәселерге тоқталып, ой тарқатты. Кеш соңында қонақтарға кәдесыйлар тарту етіліп, кітапхана басшысы С.Ахметқызы аналарымызды мерекелерімен құттықтап, ризашылығын білдірді.