"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Мәңгі өшпес ерлер есімі»

Оқу залы кітапханашыларының ұйымдастыруымен 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Мәңгі өшпес ерлер есімі» атты  тарихи кеш өткізілді.

Аталған іс-шараға Ұлы Отан соғысының қасіретін бастан кешкен, ауыртпашылығын қара нардай көтере білген майдан және тыл ардагерлерінің ұрпақтары - Нұржанов А.Қ., Абдуллина А.Ә., Бапақова С.М., Абдрахманов  Ж.М. шақырылды. Тарихи күнге орай ұйымдастырылған кеште қонақтар зұлмат жылдар мен елге аман-есен келіп, туған жерді түлетуге жан-тәнімен атсалысқан майдангерлер жайлы ой тарқатты.

Тағылымды шарада Ұлы Жеңіске арналған әуезді әндер шырқалып, қойылым қойылды. Соғыстың сұрапыл жылдары мен майдангер аталарымыздың қиын да ерлікке, қарама-қайшылыққа толы жолдары жайлы сыр шертетін әдебиеттерден тұратын «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты жылдық кітап көрмесі кешке қатысушылардың назарына ұсынылып,  таныстырылды.

Кеш соңында кітапхана ісі жөніндегі басшының орынбасары Смагулова Ж.Қ. қорытынды сөз алып, кеш қонақтарына кәдесыйлар табыстады.