Ел тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы – соғыс жылдарындағы жауынгерлер мен сол кезеңде өмір сүрген жандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Осынау ұлы мереке қарсаңында біздің кітапхана қызметкерлері Николаева Прасковья Павловнаны Жеңіс күнімен құттықтап, оның өмір жолы мен төзімділігіне, отбасының Ұлы Жеңіске қосқан ерен үлесіне шынайы алғыстарын білдірді. Мұндай кездесулер бізге тарихты сақтау, соғыс жылдарында қиыншылықтарды бірге өткергендерге құрмет көрсету қажеттілігін еске салады. Ерлікпен жеткен Жеңіс күні біздің тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып, әрқашан ұрпақтан-ұрпаққа аманат болатыны сөзсіз.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/4179-9-mamyr-zhan-iyarly-erlikti-e-seli-eldikti-rukhy-biiktep-zhe-isti-zhalauy-zhelbiregen-k-n.html#sigProIdfae89d89fb