Өнер бөлімінің ұйымдастыруымен 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жауынгерлерге рух берген майдан әндері» атты музыкалық кеш өткізілді. Іс - шара барысында соғыс жылдарында, тылда және бейбіт кезеңде жазылған патриоттық әндердің тарихы баяндалып, олардың маңыздылығы атап өтілді.
Кеш барысында Арқалық қаласындағы «Аналар кеңесінің» төрайымы Бақытжамал Аяғанқызы мен «Ұзақ өмір сүру» орталығының мүшесі Қарәріп Мақсұтбек сөз алып, Жеңіс жайлы тағылымды ойларын білдірді.
Іс - шарада жауынгерлерге рухани қуат берген әндер орындалып, көрермендерді патриоттық рухқа толы әсерлі сәттерге бөледі. Кеш соңында белсене атсалысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталды.
«Жауынгерлерге рух берген майдан әндері»