"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ұлттық теңге – бар байлығымыз»

15 қараша күні біздің Қазақстан Республикасының  Ұлттық теңгемізге 25 жыл толуына орай Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасындағы оқу залының ұйымдастыруымен Арқалық қаласының Мемлекеттік Педагогикалық Институтының № 1 жатаханасында «Ұлттық теңге – бар байлығымыз» атты пайдалы кеңес сағаты өткізіліп көрмемен таныстырылды.


Пайдалы кеңес сағатында студенттерге, тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы екенін және шығу тарихымен таныстырылды. Ұлттық теңге сөзіне сипаттама беріліп, сергіту сәті мен «Артық болмас білгенің» деп ақша туралы мақал – мәтелдермен жалғасын тапты. Осы іс-шараға Арқалық қаласының Мемлекеттік Педогогикалық Институтының 1 курс студенттеріне сұрақ қойылып, олар өз ойларын ортаға салып, қазіргі уақытта ақша аудару, төлем жасау Тәуелсіз Қазақстан елінде оңай әрі қолжетімді екенін айтып өтті.  Бұл пайдалы кеңестің мақсаты: Ақшаның пайда болу тарихы, оның маңызын түсіндіру, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Пайдалы кеңес сағаты соңында  Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! – дей келе Асқар Жүнісбековтың орындауында "Жаса Қазақстан" караоке әнімен аяқталды.