24.04.2025
Еңбек адамы - кәсібін терең меңгерген, өз ісін сүйетін және қоғамға пайда әкелетін адам. Қай салада болмасын, адал еңбек еткен адам әрдайым құрметке лайық. Себебі оның еңбегі - қоғамның дамуына, отбасының әл - ауқатына және жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосады. Табанды, өз ісіне адал тұлғаларымыздың бірі - Ержанов Жанбырбай Сабитбекович көп жылғы адал еңбегі, кәсіби шеберлігі және еңбекке деген жауапкершілігі үшін, сондай - ақ инженерлік жүйелердің сапалы жұмысын қамтамасыз ету жолындағы үздіксіз қызметі мен еңбек ұжымындағы белсенділігі үшін кәсіподақ ұйымы атынан марапатталды. Жанбырбай Сабитбековичке зор денсаулық, қажымас қайрат, ортаймас ырыс - несібе тілейміз!