"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Файзолла ақын: тағдыры мен тағылымы

2018 жылы қараша айының 1 жұлдызы күні Ә. Боранбаев атындағы кинотеатрында Торғайдың тумасы, халық ақыны, дінбасы, қоғам қайраткері Файзолла Сатыбалдыұлының туғанына 135 жыл толуына орай іс - шара өткізілді. Іс – шара Дала өлкесі тарихи мұражайы мен біздің кітапханамыз бірлесе отырып, ұйымдастырылды.

 

Файзолла Сатыбалдыұлы  сол уақыттағы сауатты адамдардың бірі болған.  Торғай, Бұхара, Ташкентте жақсы діни білім алған кісі. Ақын 5 дастаны мен 100 – ден аса өлеңнің авторы. Әсіресе 1914 жылы жарық көрген «Тас мешіт» деген дастаны тынымал болды. 1929 жылы «Тоқымбет – Гүләйім», 1930 жылы «Адамзат шежіресі», 1935 жылы «Ұзақ жол» атты дастаны танымал болды. 1916 жылғы Торғайдағы ұлт – азаттық көтеріліске «Әбдіғаппар  хан» поэмасы арналды.

 

Іс – шараның құрметті қонақтары: әлеуметтік мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары: Т.Әубәкіров, қалалық тілдер және мәдени бөлімнің бастығы А.Ж.Құсылбаева, қалалық ардагер ансамблиясының мүшесі Каки Ақан Шәріпұлы, құқық қорғау органдарының қызметкері, толыстағы полковник Ф. Сатыбалдыұлының туысқаны Рамазан Зияутдинов, Арқалық  мемлекеттік педагогикалық институтының филология ғылымдарының деканы, филология ғылымдарының кандидаты Айбек Қалиев, және қала тұрғындары.

        

Іс – шара барысында әлеуметтік мәселелер бойынша әкімнің орынбасары Т.Әубәкіровке алғашқы сөз кезегі берілді. Сөз сөйлеушілер өздерінің баяндамаларында ең бастысы – ақындар мен діни қайраткерлердің ауыр да қайғылы тағдыры туралы әңгімеледі және шығармашылық мұрасының тереңдігі мен байлығын анықтады. Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының филология деканы А. Қалиев сөз сөйлеп, әйгілі дана Ф. Сатыбалдыұлының «Әбдіғаппар хан» туралы әңгімеледі.

          

Ең қызықты да мазмұнды сөз сөйлеген қалалық мешіттің молдасы Арлан Бауыржанұлы, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институттың тарих пәнінің мұғалімі Баубек Елеусінов, қорықтағы Ұ.Қ.Қ-нің полковнигі Ф.Сатыбалдыұлының туысы Р.Зиятдинов болды.

 

Кинотеатр фойесінде «Файзолла ақын: тағдыры мен тағылымы» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылған болатын. Кітапханамыздың абонемет бөлімінң кітапханашысы К.С.Мұратқызы қонақтардың алдында көрмені насихаттап, ақынның «Көкірегім алтын көмбе» атты жаңа кітабына толық тоқталып өтті. Көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде кең көлемді материалдар қойылған.

 

.