19.04.2025
Сөз - халықтың жаны. Кітап - соны сақтап, келер ұрпаққа жеткізетін шырақшы.
Ұлттық кітап күні - бұл жүрекке жақын, тіліміз бен дәстүрімізге деген шынайы сүйіспеншіліктің мерекесі. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Кітап - ұлттың зияткерлік және мәдени прогресінің негізі». Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы қорындағы әр кітап - өткеннің сыры мен болашаққа бағытталған үміт. Бұл - әр оқырман үшін ашық қазына. Сіздерді осы күннің шуағын бірге бөлісуге, кітап беттерінен туған сөздің жылуын сезінуге шақырамыз.
Ұлттық кітап күні құтты болсын! Рухани әлеміңіз бай болсын!