23 сәуір - Ұлттық кітап күні мерекесіне орай, кітапханамызда өткен Ашық есік күнінде, танымдық және тәрбиелік мәні зор, мазмұнды, рухани шаралар кітаптың адам өміріндегі маңызын ұғындыру, оқырмандардың сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында өткізілді. Ашық есік күні кітапханамызға келген оқырмандар «Жаңа кітаптар әлемінде» библио - дебютімен танысты. «Кітап - әлемді танудың ең жақсы жолы бола ала ма?» атты пікір - сайысқа «Ақиқат» дебат клубының мүшелері мен №4 мектептің оқушылары қатысты. APF форматында өткен тартысты пікір - сайыс барысында қатысушылар өз ойларын жүйелі жеткізіп, тың тұжырымдарымен көзге түсті. «Кітап. Тарих. Шежіре» тақырыбындағы әдеби квестке Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Студенттер түрлі танымдық тапсырмаларды орындап, кітап әлемін жаңа қырынан таныды. «Танымал әннің тарихы» сторителлингі Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйімен басталып, «Саржайлау» әнінің тарихымен жалғасты. Шара барысында Арқалық қаласындағы «Әжелер» кеңесінің төрайымы Жанакбаева С.К. Нұрғиса әндерінің тарихымен бөлісті. Торғай гуманитарлық коледжінің студенттері атсалысып, өз өнерлерін көрсетті.
Ашық есік күнінде белсенділік танытқан оқырмандарымызға марапаттар табысталды. Бұл іс - шаралар кітаптың өмірдегі маңызын дәріптеп, құндылығын жеткізу, жастардың рухани әлемін байытуға бағытталды.
Кітапханамызда өткен Ашық есік күні