"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Ұлтын ұлықтаған ұлы суреткер.

Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханамызда  2018 жылы 29- қазанда  жазушы С.Көбеевтің 140жылдығына орай  студенттер мен оқушылар арасында  «Қалың мал» романы бойынша оқырман конференциясы болды. Бұл конференция  Қазақстан Республикасның Президенті Н.Ә.Назарбаевтің рухани-жаңғыру  бағдарламасы аясында өткізілді.

 

Мақсаты: осы шығарма арқылы оқушыларды және студенттерді адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік мәселелер арқылы адамзаттың түсініктерін тереңдету.

 

Арқалық педогогикылық Институтының 3 курс студенттері Абисадықова Бибіхан, Тұрысбек Нұрдана, Оңалбек Салтанат, Еңбнкші Меңсүлу, Өмірбек Бибімария, Уахит Меруерт және №6 орта мектептің 11 сынып оқушылары Серікұлы Ақтан, Табылдинова Адина, Арыстан Жанбота, Сейілбекова Аружан. Ал №3 орта мектептің 11сынып оқушылары Мұратбекова Жанар, Казина Ақтұрсын және №1 орта мектеп оқушысы Бөлекбаева Ақбота сынды бір топ оқушылар мен студенттер қатысты.  

 

Конференция барысында жазушыға арнау оқылып ашылды. Оқырмандар  тарапынан романның қазақ әдебиетіндегі аладың орны сөз етіліп,шебер туындының тарихи маңыздылығына тоқталды. . «Қалың мал» романы бойынша  талқыланған   9  сұрақтарға студенттер мен мектеп оқушылары өз ой- пікірлерін ашық айтып ортаға салып,  терең ойларымен атсалысты.Студенттер мен оқушылар менің қиялымдағы «Ғайша »бейнесі тақырыбында ойларымен бөлісті.

 

 Жастардың зияткерлік –рухани дамуына ықпал жасау мақсатында , конференция өз нәтижесіне  жетті.

 

Сонымен қатар, конференция барысында кітап қорында бар жазушының барлық шығармалары мен кітаптарынан ұйымдастырылған кітап көрмесіне жастар улкен қызығушылық танытты. 

 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің қазан айында жарияланған жолдауында  2019 жыл- Жастар жылы деп жарияланды. Ендеше, жастарға арнайы жыл айшықталған көшбасшымыздың салиқалы саясатын қолдай отырып, абройлы міндетіміз табысты елге айналу жайын қарастыруымыз керек.