14 сәуір күні Ақпараттық - библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ұлт руханиятының ірі тұлғасы, ақын - публицист, Алаш қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Міржақып Дулатұлы: Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі» атты аймақтық зерделі кеңес өткізілді.
Мақсаты: Міржақып Дулатұлының мұрасын өскелең ұрпаққа ұлықтап, оның өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Қатысушылар: Жангелді, Амангелді, Арқалық ОКЖ кітапхана қызметкерлері және Арқалық қаласындағы білім беру мекемелерінің кітапханашылары. Аймақтық зерделі кеңесте Жангелді ОКЖ кітапханашысы Батырова В.Ч., Амангелді ОКЖ библиографы Аубакирова А.Қ., Арқалық қаласының ОКЖ кітапханашысы Тұрсынбек С.С., № 2 ОӘҒК библиографы Жұмағалиева М.Ғ., кітапханашылары Айтбаев Е.Ж., Қабдыбек Е.Б. М.Дулатұлының қазақ мәдениеті мен әдебиетіндегі зор мұрасын қамтитын мазмұнды баяндамалар оқыды. №2 ОӘҒК ұйымдастырған «Қазақ рухын оятқан тұлға» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, баяндамашыларға Алғыс хаттар табысталды.
Алаш қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл