Үстіміздегі жылдың 25 қазан күні Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазан күні Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын талқылау мақсатында ұжымдық жиналыс өтті. Жиналысқа «НұрОтан» саяси партиясының мүшелері, Арқалық қалалық ардагерлер ұйымының басшысы Жәнібек Ғапбасұлы мен Арқалық қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Торғай» газетінің бас редакторы Арыстан Айтмағанбетов қатысты.
Жиналысқа төрағалық еткен кітапхана директоры Казына Борибаева Елбасының «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауына қатысты көзқарасымен бөлісіп, артықшылықтарын атады. Бұдан кейін сөз кітапхананың библиографы Сәуле Ермағанбетке берілді. Ол Жолдауда айтылған маңызды мәселелерге тоқталып, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған 6 нақты қадамды түсіндірді.
Алғашқы болып сөз алған Жәнібек Ғапбасұлы Жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. «Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысының 35 пайызға өсуі, келер жылы «Мұғалім мәртебесі» туралы заң қабылданатыны - бұл өте қуантарлық жаңалық болды. Ұстаздар қауымын нақты қолдау дегеніміз жас ұрпаққа деген қамқорлықтың жарқын көрінісі. Президентіміздің негізгі мақсаты қазақстандықтардың хал – ахуалын арттырып, дамыған 30 елдің қатарына қосу. Сол себепті барлығымыз жұдырықтай жұмылып, Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруымыз керек», - деп Жәнібек Ғапбасұлы сөзін қорытындылады.
Келесі сөз кезегінде Арыстан Айтмағанбетов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әр жыл сайынғы халыққа жолданатын Жолдаулардың мән- мағынасын, маңыздылығын түсіндірді және осы уақытқа дейін жүзеге асырылған «Нұрлы жол», «Жол картасы -2020», «Нұрлы жер», «Рухани жаңғыру», «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» және тағы басқа да мемлекеттік бағдарламалардың аз уақыттын ішінде өз нәтижесін бергендігі жайлы баяндады. Сонымен қатар ол қаламыздың әл- аукатына, тұрмыс – тіршілігіне, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Кітапханашылар Алмагуль Тануева, Сая Ибикенова және Ханзада Тұрсынғали Елбасының Жолдауында көрсетілген «Ауыл – ел бесігі» жобасы туралы, «Өз жеріңді таңып біл» атты жаңа бастама туралы сөз қозғап, ой – пікірлерімен бөлісті. Олар келесі жылды «Жастар жылы» деп белгіленгенін аса зор құрметпен қолдайтындарын жеткізді.
Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы да осы Жолдауда жүктелген жаңа міндеттерді түйсініп, оны жүзеге асуына зор үлестерін қосады.