"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Дархан дала дарыны»

Әдебиет әлемінде өзіндік орны бар қаламгер, ақындық қуаты мен публицистикалық шеберлігі үйлескен көрнекті тұлға Серікбай Оспановтың 80 жас мерейтойына арналған «Дархан дала дарыны» атты поэзия кеші өткізілді. Арнау өлеңнен бастау алған кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнежазба тамашаланып, жыр шумақтары оқылды. Сонымен қатар ақынның сөзіне жазылған, қазақ музыкасының алтын қорына енген «Сағындым, Алматымды» әні шырқалып, кештің сәнін келтіре түсті.
Кешімізге Республикалық айтыстар мен жыр мүшәйраларының жүлдегері Б.Сағынтаев пен жас айтыскер ақын Е. Әуезхан қатысып, ақын жайлы әңгіме, жырларымен бөлісті. Іс-шараға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.