"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Жақсылықтар жиынтығы - әз-Наурыз

Наурыз мейрамы қарсаңында Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Жақсылықтар жиынтығы - әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге орай қазақтың «Теңге алу», «Сақина салмақ» сынды ұлттық ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып, кешке жиналғандар қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, ырым-тыйым сөздеріне негізделген сайыстарға қатысты. Күмбір күй төгіліп, әсем ән шалқыған думанда «2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, жемісті еңбегі үшін кітапхананың кіші қызметкері Аскапова Калима Магзумқызына қала әкімінің алғыс хаты табысталды.