Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында кітапханамыздың тұрақты оқырмандарымен «Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!» атты библио - квиз ұйымдастырылып, кітап көрмесіне шолу жасалынды. Іс-шара барысында наурыз мейрамының шығу тарихы және ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында түсінік беріліп, ұлттық дәстүрдің ерекшеліктері таныстырылды.Студенттер «Қазақтың салт – дәстүрлері», «Ұлттық тағамдары»,«Ұлттық ойындары» сынды сұрақтарға жауап іздеп, өз білімдерін ортаға салды
«Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!»