"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Салт-дәстүрім - сан ғасырлық саф мұрам»

№2 ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен 14-наурыз «Көрісу күні» мерекесіне орай, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының №1 Студенттер үйінде «Салт-дәстүрім - сан ғасырлық саф мұрам» атты этноринг өткізілді. Әз-Наурыздың алғашқы мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды шарада ақ дастархан жайылып, жиынға қатысушылар наурыз көжеден дәм татты. Мерекеге орай ұлттық ойын түрлерінен, атап айтқанда «Арқан тартыс», «Қол күресу» сынды жарыстар ұйымдастырылып, кешке жиналғандар қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне негізделген сұрақтарға жауап берді. Мерекелік шара барысында әсем әндер шырқалып, ұлтымыздың таза болмысын бейнелейтін «Қара жорға» биі биленді. Ел жадында сақталған «Көрісу», «Бесікке салу» салтынан көрініс көрсетіліп, шашу шашылды және наурыз батасы берілді.