"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Бәрінен де сен сұлу»

04.03.2025

№2 ОӘҒК - ның ұйымдастыруымен 8 - наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, «Бәрінен де сен сұлу» атты әдеби - музыкалық кеш өткізілді. 

Аталған іс - шараға Арқалық қаласындағы Аналар кеңесінің мүшелері шақырылды. Ақын Қ.Әбілдің «Бала махаббаты» әнімен ашылған кеште ардақты аналарға арналған әуезді әндер шырқалып, би биленді. Ана тақырыбында қалам тербеген ақындардың өлең - жырлары оқылған әдемі кеште Б.Аяғанқызы сөз алып, ұлт ұйытқысы болып саналатын аналардың қоғамдағы орны мен рөлі жайлы ой тарқатты. Сондай - ақ, тағылымды шарада бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін ақ жаулықтылар әуезді әндерін нақышына келтіріп орындап берді.

Кеш соңында кітапхана басшысы С.Ахметқызы құттықтау сөз сөйлеп, гүл шоқтары табысталды.