"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ең үздік кітап көрмесі»

19.02.2025

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген, қазақ халқының ұлы ойшылы, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Ең үздік кітап көрмесі» байқауы өз мәресіне жетті. Бұл байқау ұлы Абайдың шығармашылығын насихаттау, оқырмандарды әдеби құндылықтарға жақындата түсу және кітапхана ісін жандандыру мақсатында өтті. Байқауға қызмет бөлімдерінің кітапханашылары белсене қатысып, Абай шығармашылығына арналған көрнекі, мазмұнды және креативті көрмелер ұсынды. Көрмелерде ақынның кітаптары, қолжазбалары, зерттеулер мен суреттер қойылып, заманауи жасанды интеллект қолданылды. Бұл шара жас ұрпақтың рухани азық алуына, кітапхана мәдениетін дамытуға және Абай мұрасын жаңа қырынан тануға үлкен мүмкіндік береді. Байқау қорытындысы бойынша әр көрме өзіндік ерекшелігімен, шығармашылық ізденістерімен және көркемдік безендірілуімен бағаланып, ең үздік көрмелер марапатталып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Абай мұрасын дәріптеуге қосқан зор үлестері үшін әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.