13.02.2025
Оқу залы кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжі» мекемесінде Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, қайсар жауынгерлер ерлігін үлгі ету, соғыс ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Он жылға ұласқан ойран» атты ерлік сағаты өтті.
Іс-шара барысында Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерліктері туралы баяндайтын әдебиеттер мен мерзімдік басылымдардан құралған кітап көрмесі оқырмандардың назарына ұсынылып, таныстырылды.
Сондай-ақ, тағылымды шарада Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың өлеңдері оқылып, оқырмандар Ауған соғысы жайлы тарихи мағлұматтарға негізделген викториналық сұрақтарға жауап берді.