"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ұлттың ұлы тұлғалары»

05.02.2025

Оқу залы бөлімінде «Ұлттың ұлы тұлғалары» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.

Көрмеде қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгерлердің өнегелі өмірі мен ғибратты істерін баяндайтын әдебиеттер ұсынылды. Тағылымды шарада Арқалық қаласының құрметті азаматы, Еңбек ардагері Жиенбай Қ. ойшылдардың өміршең өмірі мен еңбектері жайлы баяндаса, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Арқалық педагогикалық институтының құрметті профессоры - Абдуллина А.Ә. қазақ қоғамының біртуар перзенттерінің зерттелуі жайлы ой тарқатып, жазушы, журналист Ә.Абдуллиннің жеке мұрағатынан алынған Алаш арыстарының көзін көрген Г.Міржақыпқызының, жазған хаттарын және естелік суреттерін кеш қонақтарының назарына ұсынды. Сондай-ақ, айтулы шараға М.Дулатұлының ұрпағы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының 3 курс студенті Ж.Есімсеріұлы қатысып, Алаш арысына қатысты алдағы уақытта атқарылатын көлемді жоспарларымен бөлісті.

Хәкім Абайдың өлеңдерін АрПИ-ның студенті Елубай Д. нақышына келтіре орындап берсе, М.Дулатұлы атындағы әдеби-мәдени бірлестігінің жастары Алаш қайраткеріне арналған жалынды жырларын оқыды. Көрме жыл бойына қызмет көрсететін болады.