"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Қарттарым асыл қазынам

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Елімізде жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қа­лып­тасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құр­мет көрсетіледі. Соның ішінде кітапханамызда бұл мерекені ерекше атап өтеді.  

 

Өнер бөлімі және оқу залының ұйымдастыруымен  1 қазан - Қарттар күніне орай «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік кеш өтті. Кешіміздің қонағы кітапханамызда ұзақ жылдар еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан әже-апаларымыз болды. Атап айтсақ: Ғаппасова Әлия апай, Шпехт Ирма Ивановна, Нұрманова Алма Жақсылыққызы, Ершова Евгения Ивановна, Жармағанбетова Раиса Жармағанбетовна, Амирова Асипа апай, Ажигулова Раушан апай, Бирмаганбетова Гүлнар апай, Сакенова Тансұлу апай, Омаров Саруар ағай Рысмағанбетов Қаби ағай, Есембаева Клариса Орынтаевна, Ермағанбетова Айнагүл Маткеновна, Сығаева Зайра Сансызбайқызы, Жакина Гүлшат Жұматайқызы. Бұл кісілер кітапхана саласына ғұмырының жартысын арнап, қажымай жұмыс істеп, қазіргі уақытта еңбегінің жемісін көріп отыр.

 

Қонақтарымызға мерекелік ән-шашу шашылып, ақ дастархан жайылды. Кітапхана басшысы Қазына Байсабекқызы қарттарды мерекемен құттықтап, өнер бөлімі дайындаған тамаша әндер тыңдалып, көңілді отырыспен жалғасты.