Халықаралық музыка күні
1 қазан – Халықаралық музыка күні. Осы мерекеге байланыстыкітапхананың өнер бөлімінде «Әуелеп ұшқан әуезді ән» тақырыбында ән-думан болып өтті.
Іс-шара барысында, музыка өнерінің – өмірдің бір бөлігі екені, адамзатқа берер пайдасы мен шипасы туралы ақпарат берілді. Ол көркем бейне арқылы адамдардың ой-өрісін байытып, өмір тәжірибесін кеңейтеді екен. Музыканың барлық жанрларына, әсіресе халық әндеріне кеңінен тоқталып, көрермендерге қолқа салынып, бір шумақ ән тыңдалды. Қазақтың атақты әнші, композитор, сал-серілері туралы деректер айтылып, сұрақтар қойылды.
Кештің құрметті қонақтары, осы мерекемен тұспа-тұс келген (қарттар күні) кітапханамыздың ардақты зейнеткерлері және жастар қауымы болды. Кеште әуезді музыка шырқалып, оқырмандарға керемет көңіл-күй тарту етілді.


