Қазақстан халқының ақыны Әсия Беркенова апамыз жырлағандай, даңқты механизатор, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қостанай облысының құрметті азаматы, белгілі ауыл шаруашылығы саласының маманы, қазақтың дара қызы Кәмшат Дөненбаева бүгін де тірі болғанда 75 жасқа толар еді.
Жылдан күтіп,тілеп ек айдан дағы,
Ақ тілектің деген ек жайнар бағы.
Қарашаның түнінде сөнді мәңгі
Қазағымның жұлдызы маңдайдағы...- деп
26 қыркүйек «Еңбекшілер күні» қарсаңында №2 ОӘҒК оқу залы бөлімінде батыр анамыз Кәмшат Дөненбаеваның 75 жылдығына орай «Еңбегімен Ер атанған ардақты ана» тақырыбында слайд-әңгіме өткізілді. Іс-шараға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің бастауыш сыныптар бөлімінің 3-курс студенттері қатысты. Әңгімеде слайд бойынша Кәмшат апамыздың өмірімен танысып, түрлі видеороликтер көрсетілді. Видеороликтен оқырмандар Кәмшат Дөненбаеваның өзі сөйлеген сөздерінен сюжетті тамашалады. Сонымен қатар, қарапайым Кәмшаттың қалай тракторды үйреніп, механизатор болып осы күнге дейін жеткен жетістіктері, марапаттары жайлы сөз қозғалды. Әрине, тек Кәмшат апамыз жайлы емес, оның жолдасы Темірбекпен өткен өмірі, ол кісінің жан-жарын қалай қолдап, қолпаштап осы дәрежеге жетуіне бірден - бір себепкер болғанын ер анамыздың өз аузынан бейнеролик арқылы көріп тамашаланды. Және де ақын Фариза Оңғарсынованың «Біздің Кәмшат» атты кітабынан үзінділер әңгімеленіп айтылды.
Соңында студенттер Кәмшат апамызға арналған ақын-жазушылардың өлеңдерін оқып, іс-шарадан өздеріне қаншама мәлімет алып, үлкен бір тебіреніспен әсер алғандарын жеткізді. Елбасымыз Н.Назарбаев өз жеделхатында: «Бойында қазақ әйеліне тән ақыл мен парасат, еңбекке деген қажыр мен қайрат шебер үйлесім тапқан Кәмшат Дөненбаеваның есімін, оның атқарған істері мен жарқын дидарын қазақстандықтар әрдайым жадында сақтайды деп сенемін», - дегендей Кәмшат апамыздың есімі мәңілік есімізде сақталады дегім келеді.