ХХ ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдары ұлттық әдебиеттің дамуына, қазақ поэзиясының, оның ішінде баллада жанрының берік қалыптасып, орнығуына елеулі үлес қосқан қаламгер Қайнекей Жармағанбетовтың орны ерекше екені сөзсіз. «Қайнекей Жармағамбетов қазақ халқының сөздік қоры мол, анық әрі астарлы, аса бай тілін кедейлендіріп көрмеген. Жылтыр сөзге жақын емес. Шамадан тыс шарықтамайды. Қара сөздеріне қарасаңыз да, поэзиясын пайымдап көрсеңіз де қазақтың қарапайым тілін орнықты, орайын келтіріп, жөн-жүйесімен пайдаланады және онысы оқырманның көкейіне қонымды».- деп ақын, журналист, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Нағашыбай Мұқатов ағамыз айтып кеткендей Қайнекей Жармағанбетовтың туғанына 100 жыл толуы аталып жатқан туған жері Торғайлықтар үшін ғана емес, бүкіл Қазақ әдебиеті үшін үлкен мереке болып саналады. Арамызда өзі жоқ болғанымен асыл мұрасы көкейімізде сақталған, бүкіл творчествосы мен қоғамдық қызметі халық өмірінде жарқын із қалдырған ақын. Өнер мен білім саласында, әдебиет пен мәдениет майданында көп еңбек жасап, тамаша мұраларын ел игілігіне қалдырып кетті.
Осындай мақсатпен, Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап- ғылыми кітапханасының абонемент бөлімі баллада жазудың шебері Қайнекей Жармағанбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ғибратқа толы ғұмыр» атты әдеби сағат өткізіліп, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.
Әдеби сағааттың мақсаты: қазақ поэзиясының баллада жанрына үлкен үлес қосқан қаламгер Қайнекей Жармағанбетовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндау
Іс – шара барысында кітапханамыздың абонемент бөлімінің меңгерушісі Назира Нурұлтанқызы алғы сөз сөйлеп, студенттерді кітап оқуға, білімдерін жетілдіруге шақырды және ақпараттық – сервистік қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Тұрсынғалиева Ханзада ақынның «Күлме,балам» өлеңін оқып, оқырмандарға түсінігін айтты. Сондай - ақ колледж студенттеріде қалыспай Қайнекей Жармағанбетовтың өлеңдері мен балладаларынан мәнерлеп оқып, өздеріне бір кереметтей әсерлі рухани, әдеби қазына алды.. Іс – шарамызға қаламыздағы экономика колледж студенттері келіп қатынасты.