"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
12.09.2018 «Тіл – татулық тірегі»

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

 

5-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күніне және қазақ халқының ақыны, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, ғалым , тілші, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай, №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 12 қыркүйек күні «Тіл – татулық тірегі» атты сайыс өткізілді. Сайысқа қаламыздың Торғай аграрлық колледжінің 1 курс студенттері келіп қатысты. Мақсаты - Ахмет Байтұрсынұлы туралы түсінік беру. Оқырмандардың әдебиет және қазақ тіліне байланысты ой-өрісін кеңейтіп, білімін жетілдіру, сөздік қорларын молайту, салт-дәстүрлерімізді еске түсіру. Ана тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту, топ алдында еркін сөйлеуге баулу. Тілге деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

 

Сайысқа «Білімділер» және «Ойшылдар» атты екі топ қатысты. Студенттерге А.Байтұрсынұлы жайлы дайындалған видеороликтер көрсетілді. Сайыс «Топтармен танысу», «Кім жылдам?», «Ұшқыр ой», «Бәйге», «Салт-дәстүрлер», «Топ басшылары сайысы» болып 6 кезеңнен тұрды. Студенттер мектепте алған білімдерін ой елегінен өткізіп, бар білгендерін ортаға көрсете білді. Сайыскерлердің білімін бағалайтын әділ қазылар алқасында кітапханамыздың оқу залының меңгерушісі Л.Б.Исабекова, әдістеме-библиография бөлімінің әдіскері А.К.Әлмағанбетова және Торғай аграрлық колледжінің ұстазы С.К.Байгереев болды. Нәтижесінде ұшыр ойлығымен, білімділігімен және жылдамдығымен көзге түскен «Ойшылдар» тобы жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, сайысқа белсенді қатысып, ерекшелігімен көзге түскен Сәтов Ислам мақтау қағазымен марапатталды.

 

Б. Момышұлы «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген екен. Ендеше, бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы үшін өз Ана тілімізді құрметтеп, қадірлей білейік.