3.12.2024
Кітапхана фойесінде «Жемқорлық -түбі қорлық» ескерту-көрмесі жұмыс істейді Көрменің міндеті-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мәселелерін жария ете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әзірленген жүйесімен таныстыру. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған құқықтық актілер туралы ақпарат ұсынылған. Бұл көрменің мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.