19.11.2024 ж.
№2 ОӘҒК «Терроризм - адамзатқа қарсы зұлымдық» атты жеке пікір сағаты өтті. Іс-шараға Арқалық қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ғабсалықұлы, Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхамед» мешітінің бас имамы Бақтыбай Н.А., Үздік өлкетанушы Ш. Байділдәұлы, Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұстазы, теолог маманы – Б.Мешітбаев, Арқалық қаласы полиция басқармасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аханаев А.С., Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Маратұлы, «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі М.Жүнісұлы қатысып, терроризмге қарсы күрес пен діни экстремизмді алдын алу жұмыстарына қатысты өз ойларын білдірді. Жеке пікір сағаты барысында оқырмандарға терроризмнің қоғамға тигізер қауіптілігі туралы ақпараттар беріліп, терроризмнің жетегіне еріп, білімсіз еліктеудің арты жақсылыққа апармайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, кеш барысында терроризм туралы мол мағлұматтар беретін қазіргі заман әдебиеттері мен баспасөз беттерінен тұратын кітап көрмесі таныстырылды.