"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Өлең сөздің шебері

13.09.18

 

Өлең сөздің шебері

ақын Марфуға Бектерірованың туғанына 60 жыл толуына арналған

шығармашылық шолу

 

Адам жанының терең қатпарына үңілу, терең психолизмге қол жеткізу- шын шебердің ғана еншісінде. Мұндай шеберлік ұлттық поэзия басының шоқ гүлдері – талатты ақын қыздар қатарындағы Марфуға Бектемірованың шығармашылығынан айқын көрінеді. Шолуда ақын өмірбаянымен, және өлеңдерінің шығу тарихымен тагныстырылды.


Әйелдер әлеміің күрделі табиғаты кейде нәзік, кейде қайсар, кейде томаға тұйық, кейде шалқыған шалқар сезімдердің түрлі иірімдері ақынның жырларында мейлінше шынайылықпен жырланады.


Әйел затының ақын болуы – жаратылыстың берген ерекше сыйы. Әйел болып туған болмысымен қанша азап пен оттың ортасында жүрсе де ақын қыз еш мойымай, ақындық пен азаматтықты аброймен қатар алып келеді.


М.Бектемірова ның шығармашылығы поэтикалық тілге бай, қуатты поэзия. тіл тылсымын анық сездіреді.Өлеңдері де жаңға жақын, жүрекке жылы.


Ақын сөздерді бояп - сырлап жатпайды, ол табиғи жапырақ сияқты, гүл сияқты өмірдің өзі о баста бояумен тудырған сөздерді таба алады.


Ақын өлеңдерімен оқып танысқан оқырман қауым да осыған көз жеткізді, және де өлеңдерін ерекше бағалады.