"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Ұлтым деп соққан ұлы жүрек

12.09.18

 

Ұлтым деп соққан ұлы жүрек

Ахмет Байтурсуновтың 145 жылдығына арналған көрме-репортаж

 

Ахмет Байтурсынов- қазақ халқының талантты ұлдарының бірі, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалы -  ағартушы- педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көр күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас кеңес үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері.


Осы орайда  ұлы тұлға , ұлағатты ой- істің ұйтқысы- ұстаздардың, ұстаз алдындағы ұрпақтардың, жалпы айтқанда ақ парақ бетерінен ағыл ақыл, лағыл нақыл алғысы келетін жастардың, оқырман қауымның ой санасына, сауатына аса қажетті құнды дүние беру мақсатында Арқалық қаласындағы облыстық № 2  ғыылыми әмбетап кітапханасының абонемент бөлімінде «Ұлтым деп соққан ұлы жүрек»  атты көрме- репортаж ұйымдастырылды.


Мақсаты: А.Байтұрсыновтың сан салалы қызметі мен өмірі жайлы сақталған деректер мен шығармалар, еңбектері жайлы оқырман қауымға насихаттау.


А.Байтұрсынов- ақын ғана  емес,   тұңғыш ағартушы, қазақ жазуына лайық кесте түзу,жазу тәртііб і- емлені жасау, қазаққа сауат ашатын «Әліппе» жазу,бала оқытудың әдістерін көрсеткен ғалым- ағартушы. Қазақ тілін зерттеуші. Араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдаған- ғалым, сонымен қатар – қазақ әдебиетін зерттеуші  екенін жастарға түсіндіру.


Көрнекілігі
: Кітап көрмесі, ақын- жазушылардың  естеліктерінен дәйек сөздер, ол жайлы жазылған естелік кітаптар, ой- толғаулар жазылған баспасөз материалдары.


Көрмедедегі тұлғаның кітаптарының  мән- мағынасына тоқтала келіп, естеліктеріне де шолу жасалынды.Сонымен қатар тұлғаның тіл мен әдебиет қана емес, этнография, тарих мәселелерімен де шұғылданғаны айтылды.Ақындық қырларына кеңінен тоқталып, өлеңдерін жастар оқып берді.