24.10.2024
Өнер секторы 25 қазан - Республика күні мерекесіне орай, Арқалық политехникалық колледжінің №2 жатақханасында «Байтақ елім – Қазақстаным!» атты тақырыптық кеш ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты жастардың азаматтық сана-сезімін дамыту, олардың бойындағы ел тағдырына қатысты және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін ояту, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыру, тарихи сананы қалыптастыру, тәуелсіздік құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Кешке қатысқан Алтынсарин институтының, Қазтұтынуодағы Арқалық экономика және құқық колледжінің, Арқалық медициналық колледжінің студенттері «Бәйге» викторинасына, «Жорға» ойынына, «Көкпар» сайысына, «Ділмар» пікір алмасуына қатысып, белсенділік танытты.